31 Мамыр 2017, 13:03
Бүгін, 31 мамырда, Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен жетекші отандық ІТ-компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Кеңес барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, «ARTA Software» ЖШС өкілі Б. Башеев, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА инновациялық компаниялар қауымдастығының президенті А. Қонысбаев, «Элтекс Алатау» ЖШС директоры Н. Жәнібеков, Қазақстандық интернет бизнес қауымдастығының президенті К. Горожанкин, «Open IT» компаниясының басшысы В. Ким, «Бірінші несиелік бюро» бас директоры Р. Омаров, «Flip.kz» интернет-дүкенінің негізін қалаушы А. Соколов, ІТ-менеджерлер қоғамдастығының басқарма төрағасы А. Бишигаев және т. б. сөз сөйледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу