Бақытжан Сағынтаев Сербия Президенті А. Вучичпен экономикалық қатынастарды тереңдету перспективаларын талқылады

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету перспективаларын, инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы, электр энергетикасы, қалаларда «Smart city» жүйесін енгізу, қалдықтарды басқару және т.б. салалардағы ортақ жобаларды іске асыруды талқылады.  

Бұдан өзге, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия қызметінің нәтижелері мен Сербия Республикасының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы қаралды.

Анықтама:

Сербияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2016 жылы 23-25 тамызда Сербияға сапары аясында қол қойылды.  

Сербияның көрмедегі Ұлттық күні – 2017 жылғы 28 маусым.

Көрмеде Сербия баламалы энергетиканы дамыту саласындағы, оның ішінде жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жеткен жетістіктерін ұсынады. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу