12 Маусым 2017, 06:07
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев энергетикалық одақ жөніндегі Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесу өткізді.
Аясында «Еуропа күндері» іс-шарасын өткізу жоспарланған ЭКСПО-2017 көрмесіне айрықша көңіл бөлінді.
Анықтама:
«Еуропа күндері» а. ж. шілдеде Еуропалық одаққа мүше елдердің павильондары базасында өтеді. Бағдарлама «Болашақ ғимараттарына арналған экологиялық таза энергия технологиясы» және «Термоядролық энергия: ғылыми фантастикадан ғылыми дерекке дейін» тақырыптарына таныстырулар мен талқылаулардан құралған екі панельдік сессиядан тұрады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу