13 Маусым 2017, 10:31
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Байқоңыр» кешеніндегі алдағы ынтымақтастық және Байқоңыр қаласын бірлесіп дамыту Тұжырымдамасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.
Анықтама:
ЭКСПО көрмесіндегі Ресейдің Ұлттық күні а. ж. 8 қыркүйекте өтеді. РФ павильоны арктикалық тақырыпқа арналған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу