09 Қыркүйек 2017, 12:00
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хуссейнмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық қатынастар, сондай-ақ, отын-энергетикалық кешен, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.
Өзара іс-қимылдың басымдықты бағыттары ретінде тау-кен өндірісі, түсті металлургия, машина жасау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар салалары аталды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінің халықаралық көлік-логистика жүйесіне ықпалдасуы тұрғысынан Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» қытай бастамасын іске асыру тақырыбы қозғалды.

Анықтама:
Қазақстанның Пәкістанмен тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 25,5 млн долларды құрады. Қазақстанның Пәкістанға экспорт көлемі 2,7 млн долларды құрады.
2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ҚР мен ПИР арасындағы тауар айналымы 16,9 млн долларды құраған. Сонымен қатар Қазақстаннан Пәкістанға тауар экспорты 4,9 млн долларға тең болған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу