18 Сәуір 2017, 05:31
Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша Қазақстанның ЖІӨ 3% деңгейіндегі оң көрсеткішін атап өтіп, жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық өсімнің қол жеткізілген қарқынының төмендеуіне жол бермеуді тапсырды.
ҚР Премьер-Министрі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, биылғы жылдың1 тоқсанының қорытындылары жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті, ЖІӨ өсімі 3% құрады.
Б. Сағынтаев бұл көрсеткіш жақсы бастама болып табылатынын, алайда бірінші тоқсандағы жетістіктер немқұрайдылыққа себеп болмауы тиіс екенін айтты.
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің алдына орташа мерзімді перспективада 5% өсімді қамтамасыз ету міндетін қойғанын еске салды. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі барлық министрліктер мен аймақтардағы әкімдіктерге экономикалық өсімнің қол жеткізілген қарқынының құлдырауына жол бермеуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу