Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы инновациялық технологиялар паркін аралады

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инновациялық технологиялар паркін аралап, қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен танысты.

«ИТП» АЭА аралау барысында Бақытжан Сағынтаев операторларды, мұнай инженерлерін, бұрғылау мердігерлерін және сервистік компаниялардың техникалық кадрларын кәсіптік даярлау бойынша заманауи оқу-жаттығу орталығын, сондай-ақ заманауи импортты алмастыратын телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін компанияны аралады.     

Анықтама:

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес құрылған және ақпараттық технологиялар, электроника және құрал жасау, жаңғыртпалы энергия көздері, ресурсты үнемдеу, тиімді табиғат пайдалану және т.б. салаларды дамытумен айналысады.

«ИТП» АЭА 2015 жылы Үкіметпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының құрамына кіреді. Ол Almaty Tech Garden қолшатыр брендінің астына Алматы қаласының жетекші ЖОО мен ҒЗИ-ның ғылыми-техникалық базасын, сонымен қатар «ИТП» АЭА-ға қатысушы компанияларды шоғырландырады. Қазіргі таңда инновациялық кластерге қатысушы 221 ұйым бар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу