Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметіне қатысты мәселелер жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында холдингтің осы жылдың төрт айында атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу