Бақытжан Сағынтаев ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында тиісті министрліктер мен ведомстволарды қайта ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға апталық мерзімде Мемлекет басшысының Жарлығынан туындаған барлық қажетті рәсімдерді аяқтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу