17 Ақпан 2017, 10:29
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймағын дамыту және жаңа индустрияларды дамытуға жағдайлар жасау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында жеке инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жетілдіру, Индустрия 4.0 бойынша кластер қалыптастыру, сондай-ақ ғылыми-өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құру мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу