17 Мамыр 2017, 13:40
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде «Бірыңғай терезе» қағидаларын дамыту, ақпараттық технологияларды, электронды декларациялауды енгізу, сонымен қатар кедендік операцияларды жүргізуге заманауи нақты инфрақұрылым құру мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу