26 Сәуір 2017, 11:56
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО - 2017 нысандарының бірінің негізінде Астана қаласында ІТ - стартаптардың халықаралық технопаркін құру (әрі қарай - Технопарк) мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында Халықаралық қаржы орталығы аясындағы Технопарк құрылымының жобасы, сондай-ақ, Жол картасына сәйкес жоспарланған шаралар, солардың ішінде: мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы бойынша технологиялық жобаларға инвестициялар тарту шаралары қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу