Бақытжан Сағынтаев «Doing Business» рейтингісінде ҚР-ның позициясын жақcарту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингісінде Қазақстанның  позициясын жасқарту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Doing Business» бизнесті жүргізу қолайлылығы рейтингісінде Қазақстан  2015 жылы 189 елдің ішінен 41-ші орынға тұрақтады.

Дүниежүзілік банк Қазақстанды ең көп реформа жасаған ел ретінде атап өтті – он бағыттың жетеуінде 19 реформа.

«Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның позицияларын жақсарту аясында рұқсат беру рәсімдерінің санын, мерзімдерін және бизнестің қаржылай шығындарын қысқартуға бағытталған  заңнамаға түзетулердің төрт пакеті қабылданды. Қазіргі таңда заңнамалық өзгертулердің бесінші пакеті әзірленді, ол 7 кодекс пен 10 заңға 57 түзетуді қарастырады.

Кеңес қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев бизнес жүргізу жағдайын жеңілдету саласында реформаларды іске қосу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Бұдан өзге, «Doing Business» рейтингісінің бағыттарына жауапты мемлекеттік органдар бірқатар заңнамалық бастамалар бойынша бірыңғай позицияны қалыптастыруы тиіс. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу