30 Қыркүйек 2016, 11:05
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңестерінің мүшелерімен кездесті.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жетілдіру, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін өткізу, ШОБ нысандарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, салық салу мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу