05 Мамыр 2017, 09:39
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед Әл-Джабермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, қаржы, инвестициялық және өзге де даму салаларындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БАӘ-ге 2017 жылғы 15-16 қаңтардағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарын іске асырудың алдын ала қорытындылары талқыланды.
Қазіргі таңда Қазақстанда Дубайдың халықаралық қаржы орталығымен, Абу-Дабидің «Mubadala» мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компаниясымен, Ядролық энергетика жөніндегі ұлттық корпорация мен БАӘ-нің өзге де ірі компанияларымен бірлескен жобалар белсенді түрде іске асырылуда.
Анықтама:
БАӘ-мен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орнатылған.
БАӘ Қазақстан Республикасының сауда айналымында әлемнің 205 елінің ішінде 52 орында, сонымен қатар Азияның 42 елінің ішінде – 16 орында және Шығанақтың араб елдері қатарында – бірінші орында тұр.
2016 жылы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда айналымы 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш еседен көп ұлғайған және 374,2 млн АҚШ долларын құраған. 2016 жылы Қазақстанның Әмірліктерге экспорт көлемі тиісті импорт көрсеткіштерінен төрт есеге жоғары болған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу