05 Мамыр 2017, 13:09
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Джихад Азур басшылық еткен Халықаралық валюта қорының (әрі қарай - ХВҚ) миссиясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанның макроэкономикалық дамуының түрлі аспектілері бойынша ХВҚ-мен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу