Бақытжан Сағынтаев «Jumore» компаниясының президентімен кездесу өткізді

Кездесу барысында Мемлекет басшысының еліміздің экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне ауысуына қатысты тапсырмаларын іске асыру аясында цифрлық технологиялар, қаржы технологиялары мен құралдарын дамыту саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Анықтама:

Zhejiang Jumore E-commerce Co.Ltd. – тауарлар мен қызметтердің кең спектрі үшін трансшекаралық электронды сауда платформасын ұсынатын Қытай компаниясы. Компания G20 және «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бойлай орналасқан елдерді қоса алғанда әлемнің 60-тан астам елімен ынтымақтастықта.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу