Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президентімен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президенті Пьер Хэйльбронмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясындағы басты реформалар мәселелері талқыланды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу