27 Қыркүйек 2017, 09:40
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті.
Кездесу барысында ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, соның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша өтетін Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының күн тәртібі қаралды.
Анықтама:
«Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы осы жылдың соңына дейін өткізіледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу