Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, соның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша өтетін Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының күн тәртібі қаралды.

Анықтама:

«Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы осы жылдың соңына дейін өткізіледі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу