Бақытжан Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіру үдерісінің ағымдағы жағдайы бойынша, еліміздегі базалық индустриаландыру, қорғаныс өнеркәсібі, көлік және логистиканы, агроөнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендерді дамыту салаларындағы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу