Бақытжан Сағынтаев «Kazakh invest» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында компанияны одан әрі дамыту және «Ұлттық инвестициялық стратегия» бағдарламасын іске асыру аясында инвесторларды тарту жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, операциялық бюджет, 2017 жылдың IV тоқсанына ішкі аудит қызметінің жұмысы және компанияның өзге де көрсеткіштерінің жоспарлары қаралды.

Анықтама:

Биылғы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің базасында «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылды (ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №100 қаулысы)

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу