26 Маусым 2017, 10:59
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында 2016 жылғы банкті басқарудың жылдық есебі бойынша мәлімет тыңдалды, ЕАДБ басқару жүйесін жетілдіру шаралары қаралды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларымен жобаларды іске асыру және ЕАДБ инвестициялық қоржынын кеңейту мәселелері талқыланды.
Анықтама:
Еуразия даму банкі (ЕАДБ) - қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсіміне жәрдемдесуге, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы Еуразия кеңістігінде интеграциялық үдерістерді дамытуға арналған халықаралық қаржы ұйымы.
Банк 2006 жылы 12 қаңтарда қол қойылған мемлекетаралық келісім негізінде құрылған. Банкті құру бастамасы Қазақстан мен Ресей президенттеріне тиесілі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу