Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында жаңа жасыл технологияларға шетелдік инвестицияларды тарту, энергияның жаңартылатын көздерін, сондай-ақ көміртектің шығарылу деңгейі төмен экономикаға жаһандық көшу тұрғысынан жалпы электр энергетикасын дамыту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар аталған саланың АҚШ, Ұлыбритания және Канададағы практикалық даму аспектілері туралы мәлімет берді. 

Күн тәртібі бойынша талқылауда энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, «Орталық Азиядағы жасыл энергия» компаниясының басшысы А. Чукин, АҚШ, Ұлыбритания және Канаданың Қазақстандағы елшілері Д. Крол, М. Гиффорд, Н. Бруссо, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Т. Христеа, Америка сауда палатасының Қазақстандағы президенті К. Мак және басқалары сөз сөйледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу