08 Желтоқсан 2017, 11:25
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының («ИТП» ДКҚ) басқару комитетінің отырысы өтті.
Отырыс барысында «ИТП» ДКҚ дамытудың стратегиялық мәселелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасының негізгі және жаңа салаларына инвестициялар тарту шаралары талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, «ИТП» ДКҚ-ны ҚР Үкіметі 2015 жылдың 10 сәуірінде құрды. «ИТП» ИК Қамқоршылық кеңесінің төрағасы — ҚР Президенті. Басқару комитетін ҚР Премьер-Министрі басқарады.
«ИТП» ДКҚ-ның стратегиялық міндеттері трансұлттық компаниялармен бірлесіп технологиялық даму орталықтарын құрудан тұрады. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша «ИТП» АЭА-да 161 компания тіркелген.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу