05 Сәуір 2017, 10:25
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өткен отырыс барысында 2017-2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары талқыланды, сонымен қатар аграрлық ғылым саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді іске асыру және индустриалды-инновациялық қызмет саласындағы жобаларды коммерцияландыруға грант беру мәселелері қаралды.
Анықтама:
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Үкімет Қаулысымен 2011 жылғы 20 сәуірде құрылды және ҚР Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу