Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Қорды трансформациялау бағдарламасын іске асыру, Халықаралық консультациялық кеңес қызметі мәселелері, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің 2018 ж. алты айының қорытындысы бойынша есебі қаралды. Бұдан өзге, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының активтерін жекешелендірудің кейбір мәселелері талқыланып, 2017 ж. тұрақты даму саласындағы есеп-қисабы бекітілді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу