19 Қаңтар 2017, 09:59
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚШИКҚ Басқарма төрағасы, «Дойче Банк» АҚ-ның ҚР-дағы өкілдігінің басшысы У. Вокурка бастаған «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы (ҚШИКҚ) Басқармасының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу