23 Қаңтар 2017, 10:57
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің Бас директоры Марк Узанмен кездесу өткізді.
Кездесу қатысушылары жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелерді талқылады. Комитет Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгері жылжыту жөніндегі серіктесі болып табылады.
Анықтама:
Бреттон-Вудсты жаңғырту комитеті – 1994 жылы оның қазіргі Бас директоры Марк Узанның (Нью-Йорк қ.) Бреттон-Вудс конференциясының 50 жылдығын мерекелеу аясында негізін қалаған коммерциялық емес ұйым.
Комитет қызметі жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге әлемдік қаржы архитектурасы мен валюта жүйесін бейімдеуді мақсат ететін, жоғарғы деңгейдегі қатысушылар арасында ашық диалог ұйымдастыруға бағытталған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу