05 Маусым 2017, 09:59
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесу өткізді.
Кездесу аясында сауда-экономикалық байланыстар, өңірлік нарықтарға шығу, сонымен қатар Қазақстанда Доминиканның дипломатиялық миссиясын ашу мен екі ел арасындағы визалық режимді ырықтандыру мәселелері талқыланды.
Алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту мен БҰҰ қолдауымен «жасыл» технологияларды дамыту және инвестициялық жобалар халықаралық орталығын ашу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Анықтама:
Қазақстан Республикасы мен Доминикан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2011 жылғы 7 маусымда орнатылған.
Доминикан Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесінде Латын Америкасы елдерінің павильонында ұсынылады. Биыл 7 тамызда ЭКСПО аясында Доминикан Республикасының ұлттық күні аталып өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу