26 Маусым 2017, 13:10
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мажарстанның сыртқы экономика және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм және мұнай-газ салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, АХҚО аясындағы өзара іс-қимыл мен Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында 18 тамызда Мажарстанның ұлттық күнін атап өту мәселелері қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу