16 Мамыр 2017, 11:35
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Абашидземен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы және оның перспективалы бағыттарын кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.
Анықтама:
Қазақстанның Грузиямен тауар айналымы 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында 41,1 млн долл құрады. ҚР-нан Грузияға экспортталатын негізгі тауарлар тобы мұнай және мұнай өнімдері, макарон өнімдері, ал Грузиядан ҚР-на – жаңғақтар, минералды су, шарап, қара металдардан жасалған құбырлар, дәрі-дәрмектер болып табылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу