18 Наурыз 2017, 09:02
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының елшісі Невзат Уяныкпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, бірлескен индустриялық аймақтарды құру, сонымен қатар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне түрік инвестицияларын тарту мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу