15 Ақпан 2017, 09:24
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ernst & Young британдық аудиторлық-консалтингтік компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін дамыту және іске асыру мәселелері талқыланды.
Анықтама:
EY – британдық аудиторлық-консалтингтік компаниясы, әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі (аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіреді). 1989 жылы компанияның негізі қаланған және ол инвестициялық өсім мәселелері бойынша кеңес беруден мол тәжірибеге ие.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу