23 Қараша 2017, 08:09
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен еліміздің бизнес ахуалын жақсарту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланып, Қазақстанның туристік саласын дамыту келешегі қаралды.
Талқылауға ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Т. Христеа, ҚЕБҚ атқарушы директоры Ю. Кусиди, ҚЕБҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Орталық Азиядағы SIEMENS президенті А. Барцявичюс, директорлар кеңесінің мүшелері: ҚР және Орталық Азиядағы Ernst&Young басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, Air Astana президенті П. Фостер, Орталық Азиядағы Procter&Gamble директоры О. Воронова қатысты.
Анықтама: ҚЕБҚ (EUROBAK) — 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым, 150-ден астам компанияны біріктіреді: танымал халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропа мен әлемнің өзге елдерінің дипломатиялық миссиялары.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу