21 Маусым 2017, 06:20
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей мен ТМД елдері бойынша «JPMorgan Chase» басқарушы директоры, аға атқарушы офицері Ян Тавровскиймен қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында қазынашылық операциялар саласындағы қызметтер мен инвестициялық банкингті дамыту, «JPMorgan Chase» қызметінің қазіргі жағдайы мен Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары қаралды.
Я. Тавровский Үкіметте қабылданып жатқан шаралар, солардың ішінде, жекешелендіру үдерісі қазақстандық нарықтың инвестициялар салуга тартымдылығын арттыруға оң әсер етіп жатқанын айтып өтті.
Бұдан өзге, тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Анықтама:
«JPMorgan Chase» нарықтық капиталдандыру көлемі 220 млрд доллар және активтері шамамен 2,4 трлн доллар болатын әлемдегі жетекші қаржы институттарының бірі. Бүгінде дүниежүзіндегі ірі инвестициялық банк. Коммерциялық банк желісі бар «JPMorgan Chase»-тің әлемнің 60 елінде 240 мыңнан астам қызметкері бар бөлімшелері қызмет көрсетеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу