16 Маусым 2017, 06:30
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Украина Премьер-Министрінің орынбасары – өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрі Геннадий Зубкомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың алдағы перспективалары, сондай-ақ Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Мемлекетаралық комиссияның өткен отырысының қорытындылары талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.
Анықтама:
Биыл Қазақстан мен Украинаның арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады.
2017 ж. 15 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Украинаның Ұлттық күні атап өтілді. Украина делегациясын Украинаның ұлттық секциясының Комиссары – Украинаның Вице-Премьер-Министрі – өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрі Г. Зубко бастады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу