15 Маусым 2017, 11:10
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Швеция Парламентінің спикері Урбан Алинмен сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім беру, техника және медицина, ғарыш өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және «жасыл технологиялар» салаларындағы ынтымақтастық әлеуеті қаралды.
Сонымен қатар «Болашақ» президенттік білім беру бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыру мәселесі қозғалды. Бүгінгі таңда 30-дан астам қазақстандық студент таңдаулы швед университеттерінің түлектері болып табылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу