17 Ақпан 2017, 14:18
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қорғаныс министрі С. Жасұзақов пен ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты есептерін тыңдады.
Министр С. Жасұзақов оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты қабылданған шаралар туралы есеп берді. Уәкілетті орган сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады. Әскери бөлімде Тараз гарнизонының қызметкерлері жұмыс істеуде.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды.
Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды.
Тексеру барысын ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев өзінің жеке бақылауына алды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу