Бақытжан Сағынтаевқа БҚО-дағы жиһаз өндірісінің заманауи технологиялары таныстырылды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі жиһаз фабрикаларының біріне барды.

Нысанды аралау кезінде ҚР Премьер-Министріне кәсіпорын жұмысы туралы баяндалып, дайын өнімдердің үлгілері көрсетілді.

Айта кету керек, «Квант» жиһаз фабрикасы 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және осы уақыт аралығында шағын өндіріс орнынан Қазақстанның көптеген аймақтарына танымал, ширақ дамушы фирмаға айналды.   

2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында компания жалпы ауданы 10 000 шаршы метр болатын корпустық жиһаз шығаратын жаңа фабрика ашты. Мұнда жиһазды өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін, алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылған заманауи жабдықпен әзірлейді.

Айта кету керек, мұндай кәсіпорындарды құру мен дамыту Қазақстанның экономикалық өсімін нығайтуға қомақты үлес қоса алады, себебі бұл кәсіпорындар «қарапайым заттар экономикасының» өкілдері болып табылады. Яғни, халық арасында кеңінен сұранысқа ие, күрделі технологиялық шешімдерді қажет етпейтін өнімдерді тудырады.              

Үкімет өз тарапынан, ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында осындай кәсіпорындарды іске қосу мен оларға қолдау көрсету үшін қолайлы жағдайлар тудыруға ерекше көңіл бөледі. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу