30 Наурыз 2017, 09:50
Нысанды аралау барысында ҚР Премьер-Министріне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан, адам капиталының сапасын арттыру жұмыстары туралы ақпарат берілді және мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы және жай-жапсары таныстырылды.
Одан кейін Б. Сағынтаев интерактивті құралды пайдалану арқылы, қазақ тілінде оқытылатын 1 сыныпқа арналған тақырыптық сабақ түріндегі мектептің бастауыш сыныптарының жаңартылған білім беру мазмұнымен танысты және мектептің кинозалы көрсетілді.
Анықтама:
«Сымбат» жекеменшік мектебі ақпараттық-коммуникативтік және тұлғалық бағдарланған оқыту технологияларын қолданумен білім беру қызметтерін ұсынады. Мектепте білім беру үштілділік қағидасы бойынша жүргізіледі, оқу бағдарламасына ағылшын тілінде өткізілетін математика, химия, физика бойынша қосымша сағаттар енгізілген.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу