Бақыт Сұлтанов «Amanat» партиясының республикалық қоғамдық бөлмесінде азаматтарды қабылдады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «Amanat» партиясының республикалық қоғамдық бөлмесінде азаматтарды қабылдады.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған қабылдауда Премьер-Министрдің орынбасары бес азаматтың мәселесін қарады. Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтау, Атырау және Алматы облыстарының тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелерін жеткізді. 

ЕО, АҚШ, ҚХР-ға құрғақ түйе және бие сүтін экспорттаудың проблемалық мәселелері қаралды; отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін сатып алу, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сату және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және т.б. үшін қажетті көтерме-тарату орталығының жобасы ұсынылды. 

Құрғақ түйе және бие сүтін Еуроодақ, АҚШ және Қытай нарықтарына өткізу мәселесін көтерген өтініш беруші қажетті түсініктемелер алды. Бақыт Сұлтанов «Saumal», «Saubota», «Qazbota» тауар белгілерімен өнімдерді жылжыту мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып, жауапты тұлғаларға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ ЕО және басқа да бірқатар елге өз өнімдерін экспорттаушыларға шығындарды өтеу арқылы қаржылық қолдау шаралары көрсетілетінін атап өтті.

Кездесудің тағы бір қатысушысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны кәріз тазарту құрылыстарын жаңғырту жобасына ЖСҚ дайындауға ақы төлеу мәселесі бойынша жүгінді. Мұнда жергілікті мемлекеттік орган тапсырыс беруші ретінде жобаны қабылдамай жатыр. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары қала әкіміне мәселелерді бір аптада шешуді тапсырды.

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-дан алынатын ауызсуға жоғары тариф мәселесі бойынша жүгінді. Тұрғындар судың сапасына да шағымданды, сондықтан қызмет көрсетушіні ауыстыру қажет болып отыр. Осыған байланысты Бақыт Сұлтанов ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Алматы облысының әкімдігіне жағдайды анықтап, мәселені шешуді тапсырды.

Сондай-ақ халықпен кездесу кезінде Премьер-Министрдің орынбасары тағы үш азаматтың проблемаларын қарады. Олардың сұрақтары сауда, электр қауіпсіздігі, аяқ киім тауарларын таңбалау және т.б. қатысты болды.

Бақыт Сұлтанов барлық сұрақтарға толық жауап берді. Көтерілген мәселелер Премьер-Министр орынбасарының жеке бақылауына алынды. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу