Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Байланыс қызметтері биылғы қаңтар-сәуірде 9,6%-ға артты — ҚР ҰЭМ

Сейсенбі, 12 Мамыр 2020, 09:56:37

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Экономиканың жай-күйі туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.

Биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 5,8%-ға өсті. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер 4%-ға азайды. Осының нәтижесінде жалпы ішкі өнімі 0,2%-ға төмендеді.

Р. Дәленовтың айтуынша, қызметтер саласындағы төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты. Жылдық инфляция 6,8%-ды құрады.

Өндіріс секторындағы өсу өңдеу өнеркәсібінің 7%-ға, кен өндірудің 6%-ға, құрылыстың – 5,5%-ға және ауыл шаруашылығының 2,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге қызметтер секторында көлік қызметтері 11%-ға, саудада – 8,9%-ға, әкімшілік қызметтерді көрсетуде – 4%-ға және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 2,7%-ға төмендеді. Бұл ретте байланыс қызметтері қаңтар-сәуірде 9,6%-ға артты.

«Егер сәуір айын жеке қарайтын болсақ (карантиндік ай) 2019 жылғы сәуірмен салыстырғанда көрсетілетін қызметтер секторы 17,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, сауда және көлік үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету – 22,5%-ға және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 9,9%-ға төмендеді. Бұл төмендеу шектеулік карантиндік шаралармен байланысты», — деді Р. Дәленов.

Қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы $21 млрд құрады. Экспорт 4,2%-ға ұлғайып, $13,9 млрд жетті. Бұл ретте импорт $7,1 млрд дейін төмендеді. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 9%-ға артты.

Өнеркәсіп өндірісі 5,9%-ға ұлғайды. 15 өңірде өсу байқалады. Төмендеу тек Қызылорда облысында тіркелді. Ең жоғары өсімді Қостанай (15,4%-ға) және Атырау (14,2%-ға) облыстары көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі өсуде. Өсім 7%-ды құрады.

«Машина жасауда (25,4%-ға өсім), фармацевтикада (24,2%-ға), құрылыс материалдарын өндіруде (15,6%-ға) және жеңіл өнеркәсіпте (13,9%-ға) өсімнің жоғары қарқыны сақталды. Өңірлер бөлінісінде Қостанай (24%-ға), Қызылорда (20,2%-ға) және Түркістан (17,2%-ға) облыстарында жоғары өсу байқалады», — деді ұлттық экономика министрі.

Жамбыл және Ақтөбе облыстарында төмендеу тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары өсім Түркістан және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Атырау және Қызылорда облыстары, Шымкент және Алматы қалалары. Осы өңірлердің үлесі жоғары болғандықтан, ол жалпы инвестициялардың көлеміне әсер етті.

Р. Дәленовтың айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ға дейін баяулады.

Құрылыс 5,5%-ға ұлғайды. 13 өңірде өсім байқалады. Түркістан және Қарағанды облыстарында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

4 өңірде құрылыс жұмыстары қысқартылды. Бұл Ақтөбе және Қызылорда облыстары, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары.

Бұл ретте отандық құрылыс материалдарының өндірісі белсенді түрде өсуде. Оларды өндіру 15,6%-ға ұлғайды.

«Жыл басынан бері 3,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 10 өңір өсім көрсетті. Алматы және Жамбыл облыстарында ең жоғары өсім тіркелді. 7 өңірде төмендеу байқалды», — деді Р. Дәленов.

Ауыл шаруашылығы өнімдері 2,2%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы бойынша 15 өңірде оң серпін байқалып отыр.

«Карантиндік қорғау шараларына байланысты барлық өңірде сауда төмендеді. Мұндағы негізгі үлес шағын және орта бизнеске тиесілі. 14 өңірде көлік қызметтерінің төмендегені байқалды. Төмендеу негізінен жолаушылар тасымалының азаюына байланысты», — деді ол.

8 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей: өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, көлік, сауда, инвестициялар, инфляция.

10 өңірде жақсы серпін байқалуда. 8 көрсеткіштің тек 2-3 көрсеткіші бойынша төмендеу тіркелді. Тиісінше қалған көрсеткіштер бойынша өсу байқалуда.

Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында 5 көрсеткіш бойынша төмендеу тіркелді. Олар — құрылыс, тұрғын үй, көлік, сауда және негізгі капиталға салынған инвестициялар.

Қаржыландыру және кредиттеу бойынша жаңа шараларды, сонымен бірге экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шараларын ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет:

  • Карантиндік шараларды бірте-бірте жеңілдетуді ескере отырып, экономикалық белсенділікті қалапына келтіру;

  • «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде құрылыс жұмыстарын жандандыру;

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізе отырып, баға өсімін болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау;

  • «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде жобаларды жылдам іріктеу және мониторинг жүргізу;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі оффтейк келісім-шарттар және Агроөнеркәсіп кешенінде форвардтық мәмілелер тетіктері арқылы өндірісті ынталандыру.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
21 Шілде 2020, 15:29
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020
21 Шілде 2020, 14:09
Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП
21 Шілде 2020, 12:19
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3,3 есе ұлғайды — ҚР ИИДМ
21 Шілде 2020, 11:05
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жарты трлн теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданды
21 Шілде 2020, 11:04
Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ
21 Шілде 2020, 10:54
Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру деңгейіне шықты
20 Шілде 2020, 18:39
Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
20 Шілде 2020, 17:47
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин цифрлық даму бірінші вице-министрі Бағдат Мусинді таныстырды
20 Шілде 2020, 15:10
21 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Шілде 2020, 11:00
Ішкі істер министрі Қазақстан Президентіне дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады
19 Шілде 2020, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №69
18 Шілде 2020, 09:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Минскіде ЕҮАК отырысына қатысып, БР Президенті А. Лукашенкомен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.