Бейбіт Атамқұлов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын», - деп жазылған Жарлық мәтінінде.

Айта кету керек, 2015 жылдың тамыз айында Б. Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу