Биыл 10 айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 71,6 млн тоннаны немесе жоспардан 100% құрады — Н. Ноғаев

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ағымдағы жылдың он айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Аталған кезеңдегі отын-энергетика секторының жай-күйі туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев  айтып берді.

Министр атап өткендей, биыл 10 айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 71,6 млн тоннаны құрап, ағымдағы жылғы 10 айдың жоспарына 100,2% құрады. 

Соның ішінде, мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей. 

ТШО-да аталған кезеңде 22,2 млн тонна мұнай, яғни жоспардың 99,9% өндірілді.

НКОК-та жобасында мұнай өндіру көлемі 12,7 млн тоннаны құрады, қаңтар-қазан айларының жоспары 100% орындалды.

КПО-ның көрсеткіші 10 млн тоннаны құрап отыр, ағымдағы жылдың 10 айдың жоспарымен салыстырғанда 102% көрсетті.

Есепті кезең ішінде 57,5 млн тонна мұнай экспортталды, ағымдағы жылғы 10 айдың жоспары 100% орындалды. 

2020 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 45,9 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100,7% құрайды.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,6 млн тоннаға, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100% құрайды. 

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 12,3 млрд текше метрге жетті, бұл көрсеткіш биылғы жылдың 10 айының жоспарына 100% құрайды. 

Экспортқа шығарылған газ көлемі 9 млрд текше метрді құрады.

Биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 13 млн тонна мұнай өңделді, бұл көрсеткіш қаңтар-қазан айларының жоспарына 98,4% құрайды.  

Автобензин бойынша көрсеткіш 3,66 млн тоннаға жетті.

Битум өндіру 2020 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 949 мың тоннаны , есепті айдың жоспарына 107,1% құрады.

Мұнай-газ-химия өнімдеріне тоқталатын болсақ, оның көлемі 298 мың тоннаға, яғни 110,3% жетті.

Сонымен қатар, Н. Ноғаев мұнай өнімдерінің өндірісіне тоқтала отырып, жекелеген көрсеткіштердің есепті кезеңінің жоспарынан төмен екенін атап айтты.

Өндірілген дизель отынының көлемі 3,8 млн тонна, бұл есепті айдың жоспарына 99,4% сәйкес келеді. Әуе отыны бойынша көрсеткіш 347 мың тоннаға немесе жоспардің 84,4% тең. Мазут 1,62 млн тонна құрады, бұл көлем жоспардың 99,3% құрайды. 

«Дизель отыны мен авиакеросинге сұраныстың төмен болуына, сондай-ақ маусымдық жол-құрылыс жұмыстары кезеңінде битум тұтынудың өсуіне байланысты, ішкі нарықта тауардың іркілуін болдырмау мақсатында ҚР МӨЗ-інде мұнай өңдеу, сонымен бірге дизель отыны мен авиакеросин өндірісі төмендетілді, бұл ретте битум өндірісінің ұлғаюы қамтамасыз етілді. Дизель және авиациялық керосин өндірісіне қатысты айтар болсам, бұл мұнай өнімдері бір фракцияда орналасқан, алайда әуемен ұшу санының азаюына/болмауына және соның салдары ретінде сұраныстың да төмендеуіне байланысты дизель отынын өндіруді ұлғайту туралы  шешім қабылданды», – деп нақтылады Н. Ноғаев.

Есепті кезеңде 87,1 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілді, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 10 айының жоспарына, яғни 100% тең.

Электр энергиясын өндіру тікелей энергия тұтыну көлеміне қатысты екендігін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, 10 ай ішінде 16 643,4 тонна уран өндірілді, бұл есепті айдың жоспарына 102,7% құрайды.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 2,37 млрд кВт/сағатты құрап отыр, бұл ағымдағы жылдың 9 айының жоспарынан асып, яғни 101,3% құрады. 

«Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу министрліктің тұрақты бақылауында», – деп түйіндеді Н. Ноғаев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу