Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады — ҚР ҰЭМ

Сейсенбі, 20 Сәуір 2021, 14:32:48

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру мәселелері қаралды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ауылдағы өмір сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев хабарлағандай, ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні ауыл халқының саны 7,7 млн адамды немесе еліміз бойынша  халқымыздың жалпы санының 41%-ын құрайды. Жұмыспен қамтылған ауыл халқының құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен үлесті құрайды, бұл  — 28,2%. Жалпы, соңғы 5 жылда экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

Ауылдарда өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін министрлік «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Жобаның мақсаты инфрақұрылымдарды жаңғырту есебінен және оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Аталған мақсатқа жету әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру есебінен, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

«Жалпы 6 316 ауылдың ішінен даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді, онда ауыл тұрғындарының 88%-ы тұрады. Аталған ауылдар демографиялық көрсеткіштерге, экономикалық белсенділікке, инфрақұрылымның жай-күйіне қарай іріктелді. Бұл ауылдарды дамыту «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде бірінші кезекте жүзеге асырылатын болады. Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін 2019 жылы инфрақұрылымдар мен әлеуметтік игіліктерге қолжетімділігі жөнінде жаңа өңірлік стандарттар әзірленіп, бекітілді», — деді Ә. Ерғалиев.

Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылыммен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуі 2020 жылы республика бойынша 60,3% құрады. Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 1,3 млн адам тұратын 480 ауылдың дамуына 105 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым, сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған 1 мыңнан астам жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлердегі инфрақұрылым мәселерін шешу үшін 5 жылдың ішінде 800 млрд теңге бөлінетін болады. Бұл өз кезегінде 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 млн ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жалпы ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тәсілі 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын және әл-ауқатын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, ауыл халқының сумен қамту қызметі 100%-ға жететін болады. Барлық ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты Интернетке қолжетімділікпен қамтылады. Жергілікті маңызға ие жолдардың 95%-ы жақсы жағдайға жеткізілетін болады. 10 мың км ауыл ішіндегі жолдар жөнеделеді және салынады», — деді ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 110 мың жер учаскелері жеке тұрғын құрылысы үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. 

Жалпы, 12 мың км инженерлік желілер салынады және жаңғыртылатын болады. Агроөнеркәсіп кешенінде 845 инвестициялық жобаны іске асыру ауылдарда 500 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Білім берудің сапасын және қолжетімділігін арттыру шеңберінде ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда.  

Барлық ауыл мектептері білікті педагогтармен қамтылатын болады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100% мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылады.

«Ауылдарда спортпен айналысу және шығармашылық үйірмелерін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 748 мәдениет нысаны  салынып, жаңғыртылады. Денсаулық сақтау саласында 1 095 нысандарын салу және жаңғырту ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің сапасын және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Ә. Ерғалиев.

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров қазіргі таңда министрлік Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеп жатқанын айтты. Оның негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттері:

  • 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру;
  • 70 мың отбасылық шаруашылық құру;
  • 500 мыңға жуық адамды ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту; 
  • 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тарта отырып, 7 экожүйе құру.

Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруға және ауыл халқының табысын арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар іске асырылады. Жалпы республика бойынша бес жыл ішінде 4,5 трлн теңге сомаға 845 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде биыл 335 млрд теңге сомасына 285 жобаны енгізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда аталған инвестициялық жобалар өңірлердің әкімдіктерімен және инвесторлармен пысықталды. Сәйкес Жол карталары бекітіліп, оның шеңберінде министрлік тұрақты түрде олардың іске асырылуына бақылау және мониторинг жүргізуде. 

«Бұл жобалар Мемлекет басшысының 7 ірі экожүйені құру жөніндегі тапсырмасының ажырамас бөлігі болады, оның шеңберінде дәнді және майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, қантты, ет пен сүтті өндіру және өңдеу бойынша экожүйені құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында астық өндіру және өңдеу жөніндегі «BioOperations» ЖШС зәкірлік кәсіпорны бар экожүйесі құрылуда, ол астық дақылдарын тереңдете қайта өңдеу зауытын, құрама жем зауытын, құс шаруашылығы кешенін, сүт-тауарлық фермасын және аталған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктіреді. Өңірлік мамандандыруды ескере отырып, елдің барлық өңірлерінде ұқсас экожүйелер құру жоспарлануда», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Жалпы импортты алмастыру аясында 2024 жылға дейін 19 құс фабрикасын, жыл сайын 35 тауарлық сүт фермасын, 9 ет комбинатын іске қосу, сондай-ақ Жамбыл облысында 1 жаңадан қант зауыты құрылысы жоспарланған. 6,6 мың га алаңда жаңа қарқынды бақ отырғызу көзделген. Бұл жобаларды енгізу ауылда 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 

Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы аясында алдағы бес жылда ауылда 250 млрд теңге сомасына 50 мың микрокредит беру жоспарланып отыр.  Аталған бадарлама бойынша өткен жылдың өзінде осы мақсаттарға 43,2 млрд теңге бағытталды, бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді, оның 60%-ын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 

Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген кредит беру аясында 2025 жылға дейін етті мал шаруашылығында 175 млрд теңге сомасына 2500 шаруашылыққа кредит беру жоспарлануда, нәтижесінде 10 мың жұмыс орны құрылады.

Қой шаруашылығында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 117,2 млрд теңге сомасына 11 мың шаруашылыққа кредит беру жоспарланған, бұл 33 498 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

«Кең Дала» бағдарламасы бойынша жыл сайын көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінеді. Ағымдағы жылы 2400 тауар өндірушіге 3 млн га алаңға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін жалпы сомасы 70 млрд теңге қысқа мерзімді кредит беру көзделген. Бүгінгі күні бағдарлама шеңберінде 1923 ауыл шаруашылығы еңбеккері жалпы сомасы 63 млрд теңгеге қаржыландырылды», — деді С. Омаров. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап 24,5 млрд теңге сомасына дәнді және майлы дақылдарды кепілді форвардтық сатып алу тетігі енгізілді және іске асырылды, нәтижесінде 516,9 мың тонна дәнді және майлы дақылдар сатып алынды. Ағымдағы жылы 45,3 млрд теңге сомаға форвадтық сатып алуды өткізу жоспарланып отыр, яғни бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көп.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту көбінесе ауылдық аумақтарды, оның ішінде ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қолдау жөніндегі бағдарламалардың тиімді іске асырылуына байланысты. Бұл бағытта Үкімет белсенді түрде шаралар қабылдауда, соның ішінде ауылдық елді мекендерде тұрғын үй құрылысын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жолымен дамыту, ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын жөндеу бойынша шаралар қабылдауда.  

Бұдан басқа, ағымдағы жылы ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетігін енгізу жоспарлануда, ол ауылдарда қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50%-ын субсидиялауды көздейді, бұл ауылдық жерлерге жас кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Бұл бастаманы агробизнес бірнеше рет көтерді және Үкімет оны қолдап отыр.

Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есе арттырып, салаға 4,5 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.  

Өз кезегінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі күні ауылдық жерлердегі тұрғын үй қоры 1,8 млн тұрғын үйді немесе жалпы қордың 33,3% құрайды. «Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 24 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Мемлекеттік бюджет есебінен 160 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынатын болады», — деді Б. Атамқұлов.

Бұдан басқа, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін 235 мың жер учаскесін, оның ішінде облыс орталықтарында, шағын қалаларда 125 мың және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Яғни, жыл сайын 47 мың жер учаскесі, оның ішінде облыс орталықтарында, шағын қалаларда 25 мың және ауылдық жерлерде 22 мың жер учаскесі қажетті инфрақұрылыммен қамтылады. Ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде 23,6 млрд теңгеге 22,7 мың жер учаскесі инженерлік желілермен қамтамасыз етілетін болады. 

Осы шаралармен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс беруші ауылда өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салған жағдайда, жұмыс берушінің шығындарының 50%-ын субсидиялау тетігін енгізу пысықталуда.

Б. Атамқұлов нақтылағандай, үй құнының 50%-ы мөлшерінде және жалпы ауданы 100 шаршы метрден аспайтын, 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын үйді пайдалануға бергеннен кейін жұмыс берушілердің шығындары субсидиялауға жататын болады.

«Тұрғын үй жұмыс беруші мен жұмыскер арасында 5 жылдық мерзімге жасалған еңбек шарты болған кезде ұсынылады. Жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау мақсатында бюджет қаражатына қажеттілік үйлерді пайдалануға беру актілеріне қол қойылғаннан кейін айқындалатын болады. Жедел деректер бойынша өңірлерде 2 855 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Сонымен қатар халықтың қолайлы өмір сүруі үшін де сапалы ауыз суға қолжетімділікті арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні 6,9 млн адам тұратын 4 мыңға жуық ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді және халық саны 200-ден кем 403 ауылда су тазартудың оқшау жүйелері орнатылды. 1922 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтаумен және су тазартудың оқшау жүйелерімен қамту жоспарлануда. 

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында және «Нұрлы жер» бағдарламасында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға республикалық бюджеттен шамамен 400 млрд теңге бөлу көзделген. 

«Бұл шаралардың барлығы 2025 жылы ел халқын 100% сумен жабдықтауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 242 жобаны іске асыруға 69,2 млрд теңге көзделген. Бұл 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 91,8%-ға жеткізуге мүмкіндік береді» — деді Б. Атамқұлов.

Елімізде жергілікті жолдардың ұзындығы 71 мың км құрайды. Атқарылған жұмыстар есебінен өткен жылдары жергілікті желі ұзындығының 75% нормативтік жағдайға келтірілген.

Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 76,6 млрд теңге көзделген. Бөлінген қаражат есебінен жол жөндеу жұмыстарының барлық түрлерімен шамамен 1,3 мың км қамтылатын болады. 2025 жылға дейін барлық жұмыс түрлерімен 27 мың км қамту және жол ұзындығының 95%-ын нормативтік жағдайға жеткізу жоспарлануда. Осылайша, біз 3 мыңнан астам ауыл кірме жолдармен қамтамасыз етіледі.

Энергетика министрі Н. Ноғаев атап өткендей, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру деңгейі 53,07% құрады. Еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і (24%), соның ішінде 1 428-і ауылдық елді мекен газдандырылған.

Бүгінгі таңда еліміздің 18 532 мың халық санынан 9 836 мың адам табиғи газға қол жеткізді, соның ішінде 4 млн адам – ауылдық елді мекен тұрғындары. 

Газдандыру деңгейі 90%-дан асатын неғұрлым газдандырылған өңірлер: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,5%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

Қазіргі уақытта республика өңірлерін одан әрі газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Қолданыстағы және перспективалы газдандыру жобалары бойынша талдау жүргізе отырып, ауылдық елді мекендерді газдандырудың болжамды жоспары жасалды, оған сәйкес 2025 жылға қарай қосымша шамамен 246 ауылдық елді мекенді немесе 900 мың адамды газдандыру күтілуде», — деді Н. Ноғаев.

Министрдің айтуынша, оның ішінде 2021 жылы – 52 ауылдық елді мекен немесе 389 мың адам, 2022 жылы – 49 ауылдық елді мекен, 2023 жылы – 76 ауылдық елді мекен, 2024 жылы – 31 ауылдық елді мекен және 2025 жылы – 43 ауылдық елді мекен газдандырылады. 

Газдандырудың жедел қарқыны және қаржыландырудың мәлімделген сомаларын қолдау Энергетика министрлігінің елді мекендерді газдандыру Жол картасында белгіленген көрсеткіштерге жоспарлы түрде қол жеткізуге, яғни 2025 жылға қарай еліміздің 1 718 елді мекенін, соның ішінде 1 674 ауылдық елді мекенді газдандыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде 11,05 млн адам, оның ішінде ауылдық елді мекендерде тұратын 4,9 млн адам көгілдір отынға қол жеткізеді.

«Бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында», — деді Н. Ноғаев.

Денсаулық сақтау министрі А. Цой хабарлағандай, ауылға жұмыс істеуге келген медицина қызметкерлері үшін көтерме жәрдемақы 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылып, тұрғын үй беріледі.

Қазіргі уақытта ауыл халқына медициналық қызметтерді 5272 денсаулық сақтау амбулаториялық-емханалық объектісі көрсетеді, оның ішінде 3 жыл ішінде 394 объекті салынды және ашылды.

«Осы жобаларды іске асыру елдің ауыл халқына, оның ішінде ең шалғай елді мекендерде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді», — деді А. Цой 

Сонымен қатар, әкімдіктер бекіткен Жол карталарына сәйкес ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерде жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге 90 МСАК нысанын, оның ішінде 36 медициналық, 20 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 34 дәрігерлік амбулаторияны салу мен ашу жоспарланған.

Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу процестерін оңтайландыру және оларды мемлекеттік сараптау үшін министрлік МСАК объектілерінің үлгілік жобаларын әзірледі.

Бұдан басқа, кейбір өңірлерде, мысалы, Алматы облысында МСАК объектілерінің дайын жеке жобалары бар, оларды Қазақстанның қалған өңірлерінде пайдалануға болады.

«Осылайша, қазіргі кезеңде МСАК объектілерін салу бойынша жоспарланған жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар бар», — деді А. Цой.

Оның айтуынша, алдағы 5 жылда 95 млрд теңге сомасына 515 амбулаториялық-емханалық ұйымның, оның ішінде 211 медициналық, 158 фельдшерлік-акушерлік пункттің, 127 дәрігерлік амбулаторияның және 19 емхана мен МСАК орталықтарының құрылысы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, өңірлердің әкімдіктері 580-нен астам тозған МСАК нысандарына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай 1095 МСАК нысаны жөнделіп, салынады.

Жалпы, бүгінгі таңда, министрдің айтуынша, өңірлерде инвестициялық жобаларды уақтылы және тиімді іске асырудың бағаланған қажеттілігі мен нақты жоспары бар.

Жалпы республика бойынша қазіргі уақытта 13 ауданаралық аурухана жұмыс істейді.

Қосымша 25 аудандық аурухана жаңғыртылады, сол арқылы ауылда «алтын сағат» қағидатын сақтау қамтамасыз етіледі.

Аталған ауданаралық ауруханалардың құрамында: аз инвазивті кардиологиялық орталықтар, II-III деңгейдегі инсульт орталықтары; перинаталдық орталықтар; политравма және хирургия орталықтары; ангиографтармен, компьютерлік томографтармен, ӨЖЖ аппараттарымен, оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етілетін оңалту бөлімшелері болады.

Нәтижесінде, шұғыл медициналық көмек көрсету ережесі бойынша қызмет көрсетілетін ауыл халқының саны 1 сағат ішінде 2,5 млн адамнан 5 млн адамға дейін 2 есеге ұлғаяды.

Статистикалық деректерге сәйкес, ауылдық денсаулық сақтау саласында дәрігерлермен қамтамасыз ету 14 804 штаттық бірлікті құрады, салынып жатқан объектілерді ескере отырып, кадрлық қажеттілік 3 104 штаттық бірлікті құрайды.

«Ауылда денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарына күтілетін қажеттілікті қамтамасыз ету үшін біз өңірлермен бірлесіп мынадай шараларды көздедік: көтерме жәрдемақыларды 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін ұлғайту, ауылға жұмысқа келген мамандарды тұрғын үймен міндетті түрде қамтамасыз ету, жалақыны 2023 жылы экономика бойынша орташа жалақыға қарағанда 2,5 есеге дейін кезең-кезеңімен ұлғайту», — деді А. Цой.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2023 жылға қарай жалпы практика дәрігерлерімен және шағын мамандармен қамтамасыз етілу 100% құрайды.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жыл сайын 7,3 мыңға дейін маманды оқыту қамтамасыз етіледі.

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп денсаулық сақтауды цифрландыру процестерін толық көлемде іске қосу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті АТ-инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде барлық денсаулық сақтау ұйымдары Интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Бұл медициналық ұйымдарда 18,4 млн жуық халыққа қызмет көрсетіледі. Аудан орталықтарынан төмен деңгейде және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық ұйымдардың интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілуі 84,5% құрайды, яғни 5 264 денсаулық сақтау ұйымының 4 447-і Интернет желісіне қосылған.

2025 жылдың соңына қарай аудандық деңгейден төмен және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық ұйымдардың Интернет желісіне қосылуының қамтамасыз етілуі 90% құрайды.

ҚР-да қашықтан медициналық қызмет көрсету технологиялары кеңінен қолданылады.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда электрокардиографияны қашықтан шифрлеу, диабеттік ретинопатияны, макулярлық дегенерацияны, глаукоманы, меланоманы, көз түбінің суреттері негізінде гипертониялық ретинопатияны диагностикалау және т. б. қашықтан медициналық қызметтерді енгізу бойынша пилоттық апробациялар жүргізілуде.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылы қосымша 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, қолданыстағы 49 ЖМК ескере отырып, олардың жалпы саны 149 құрады», — деді А. Цой.

ЖМК комплектациясы медициналық қызметтердің келесі спектрін көрсетуге мүмкіндік береді:

  • цифрлық рентгенография, УДЗ;
  • зертханалық зерттеулер;
  • бейінді мамандардың кеңестері.

Өткен жылы 1200-ден астам елді мекенде 1,2 млн адамға ЖМК қызмет көрсеткен.

2021 жылдан бастап ЖМК қызметтерімен жыл сайын қамту жылына 2,6 млн тұрғынды — 2 мыңнан астам шалғай ауылдық елді мекенді құрайды.

Сонымен қатар, қатынауы қиын ауылдық елді мекендерде білікті медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жыл сайын санитарлық авиация мамандарының 2160-тан астам ұшуы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, министрлік жедел медициналық көмек қызметінің паркін жаңғырту бойынша шаралар қабылдады.

«Өңірлерге 1167 бірлік санитарлық автокөлік, оның ішінде ауылға 37% немесе 432 бірлік автокөлік жеткізу қамтамасыз етілді. Жыл сайын ауылдық жерлерде 2 млн жедел медициналық жәрдем шақыртуларына қызмет көрсету жоспарлануда», — деді А. Цой.

Министрдің пікірінше, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше назар аударуының арқасында ауылдық медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы айтарлықтай жаңартылды және ауылдағы медицина қызметкерлерін қолдаудың қажетті шаралары көрсетілді.

«Денсаулық сақтау жүйесінің алдында ауқымды міндеттер тұр, оларды сапалы іске асыру жүйенің ағымдағы сын-тегеуріндерді жоюға және болашақтағы сын-тегеуріндерді болдырмауға дайындығын нығайтуға мүмкіндік береді. Ауылда қолжетімді, сапалы денсаулық сақтауды құруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады», — деп түйіндеді А. Цой.

Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова ауыл тұрғындары үшін заманауи, жайлы әлеуметтік-мәдени және спорттық орта құру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде тұратын балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту министрліктің басым міндеті екенін айтты.

Бүгінгі күні республиканың ауылдық жерлерінде 6 мыңнан астам мәдениет ұйымдары жұмыс істейді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы шеңберінде 2025 жылға дейін 748 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, оның ішінде 180 мәдениет нысаны салынып, 568 нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары, жергілікті бюджеттер, жеке инвестицияларды тарту және МЖӘ тетіктерін пайдалану есебінен 36 мәдениет нысанының құрылысы және 112 нысанына жөндеу жүргізіледі.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында министрлік «балалар үйірмелерінің» қызметін оның ішінде ауылдық елді мекендерде жаңарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 

«Бүгінгі таңда ауылдарда барлығы 12 000 шығармашылық үйірме жұмыс істейді, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 9 000 үйірме бар, онда 115,2 мың бала шұғылдануда. Әсіресе, ауылда қосымша шығармашылық үйірмелер ашу және балалар мен жасөспірімдердің сапалы бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 2021 жылы алғаш рет мемлекеттік шығармашылық тапсырыс енгізілді. Оның шеңберінде 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар шығармашылық үйірмелерге тегін негізде қатысады. 2025 жылға дейін республика бойынша қосымша 1600 үйірме ашылады», — деді А. Райымқұлова.

Спорт саласында бүгінгі күні ауылдық елді мекендерде 24 мыңға жуық спорт ғимараттары жұмыс істейді. Спортпен шұғылданғысы келетін азаматтардың өсіп келе жатқан қажеттілігі өңірлердің, әсіресе, ауылдық жерлерде спорт объектілерімен қамтамасыз етілу проблемаларын айқындап отыр.

Бұл мәселені шешу үшін 2025 жылға дейін 1719 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары, жергілікті бюджеттер, жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану есебінен ауылдағы 881 спорт нысанын салу және 838 спорт нысанын жөндеу жүргізіледі. 

«Ағымдағы жылы еліміздің ауылдық елді мекендерінде 170 спорт объектісіне, оның ішінде Елбасының тапсырмасы бойынша салынып жатқан 55 дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне құрылыс жұмыстары, сондай-ақ 154 спорт нысанын жөндеу жұмыстары іске асырылады», — деді мәдениет және спорт министрі.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру аясында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Құжаттың негізгі міндеті дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың санын арттыру, сондай-ақ ауыл тұрғындарын қоса алғанда. Бүгінгі күні спортпен айналысатын азаматтардың үлесі 5,9 млн адамды немесе 31,6%-ды құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде 2,3 млн адам, бұл 30,7%-ды құрайды.    

Сонымен қатар, министрлік әрбір ауылдық округтегі штаттық спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту және олардың санын 2025 жылы 3 561 адамға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайтын болады      

«Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастыру және жүргізу үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу көзделген. Сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есеге арттырылатын болады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2025 жылы ауыл халқының 42%-ын дене шынықтырумен және спортпен қамту жоспарлануда», — деді А. Райымқұлова.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Мамыр 2021, 18:27
Медициналық қызмет көрсету, ауылдық медицинаны қолдау, КВИ пандемиясы кезіндегі жұмыс — ӘМСҚ-ның 2020 жылғы және 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмысының қорытындылары
17 Мамыр 2021, 12:44
18 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Мамыр 2021, 11:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 Қаулысы
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.