Биыл қаңтар-сәуір айларында фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24,2%-ға артты — ҚР ИИДМ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Өнеркәсіп саласының дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. 

А.ж. қаңтар-сәуір айларында өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында оң динамика байқалуда.

Тау-кен өндірісі секторында құрамында алтын бар кен өндіру көлемінің өсуі есебінен түсті кен өндіру 3,4%-ға ұлғайды.

Темір кенін өндірудің өсуі өткізу нарықтарын дәстүрлі елдерден ҚХР нарығына қайта бағдарлау есебінен 15,8% құрады. Енді жүк тиеу көлемі айына 700 мың тоннаға дейінгі темір кені шикізатын құрайтын болады. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 102,1% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және т. б. салалары есебінен өсім 7% құрады.

Қара металлургияда НКИ 100,1% құрады.

Химия өнеркәсібінде жүргізілген жаңғыртудан кейін өндірістік қуаттар деңгейін тұрақтандыру нәтижесінде «ҚазАзот» АҚ-да аммиак селитрасының өндіріс көлемінің 27% және аммиак өндіру көлемінің 171%-ға  ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі 0,3%-ға өсті.

Б. Атамқұлов хабарлағандай, машинажасау саласында өндіріс көлемі 25,4% өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 59,2%, басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 15,6%, электр жабдықтары 11,4%, өзге де көлік құралдарын жасау 103,9%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 5,7%, компьютерлер жасау 7,6% ұлғайды.

«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24,2%-ға өсті. Жеңіл өнеркәсіпте жалпы өндіріс 13,9% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 13,4%, былғары және оған жататын өнімдердің 12,4%, киім өндірісінің 11,3% ұлғаюына байланысты болды», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша 89% құрады.

«Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар автобус тасымалдары (оның ішінде қалалық жолаушылар автобус тасымалдары), жолаушылар поездары, тұрақты әуе қатынастары тоқтатылды. Кейбір кәсіпорындарды карантинге жабу көлік пен логистикаға да әсер етеді, өйткені жеткізу көлемін және тасымалдауға тапсырыстарды төмендетеді», — деді Б. Атамқұлов.

Бұл ретте, Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға ұлғайды және 211,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша 105,5% құрады. 13 өңірде оң динамика байқалады. Түркістан (128,7%), Қарағанды (125,5%), Ақмола (118,9%), Атырау (114,7%) және Батыс Қазақстан (111,6%) облыстары көш басында.

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша 3 112,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,9% құрады. 

Ведомство басшысы атап өткендей, елімізде санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың енгізілуіне байланысты жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі байқалады. Тұрғын үйде пайдалануға беру көлемінде жылдық жоспардың орындалуы 22,1% құрады.

Республика бойынша барлығы 24 884 бірлік баспана пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 10 өңірде байқалады. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы өңірлер - Алматы және Жамбыл облыстары.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу