Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биыл қыркүйек айының соңына банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 3,3%-ға ұлғайды — Ұлттық банк

Сейсенбі, 10 Қараша 2020, 11:25:26

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қазандағы республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды. Банк саласының жай-күйі туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады.

Әлемде коронавирусты жұқтыру жағдайлары санының күрт ұлғаюы және АҚШ-тағы президент сайлауы аясында ағымдағы жылы қазанда әлемдік қор нарықтарында белгісіздік пен құбылмалылық артты.

Қазан айының қорытындысы бойынша Американың акция нарықтары теріс мәндермен жабылды. Еуропадағы акциялар ағымдағы жылғы наурыздан бастап ең күшті құлдырауды көрсетті. Инвесторлар карантин шаралары еуроаймақ экономикасын қосарланған рецессияға итермелеуі мүмкін деп алаңдауда.

Е. Досаевтың айтуынша, қазанда АҚШ долларының қымбаттауына және дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне алып келген АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысына қатысты белгісіздік өткен аптаның соңында демократиялық партиядан кандидат Джо Байденнің жеңісі аясында төмендеді. Нарық бұл жаңалықты, сондай-ақ демократиялық партияның Сенатты болжалды түрде бақылай алмауын экономикаға көмек көрсетудің жаңа бағдарламасын келісу мүмкіндігін ескере отырып, оң қабылдады.   

«Франция мен Германияда локдаун енгізуді талқылау аясында қазанның соңында тауар нарықтарында төмендеу байқалды. Жалпы алғанда, Еуропаға мұнайды әлемдік тұтынудың 20%-ы тиесілі. Егер Франция мен Германияға басқа Еуропа елдері қосылса, қараша мен желтоқсанда мұнайды өндіру сұраныстан асып кетуі мүмкін. Бұл ОПЕК-ке қысым көрсетеді және 2021 жылғы қаңтардан бастап өндіруді ұлғайту жоспары қайта қаралуы мүмкін», — деді Е. Досаев. 

Қазан айының соңында Еуроодақ елдерінде коронавируспен ауыру айтарлықтай өсті, кейіннен ағымдағы жылғы қарашада шектеу шаралары қабылданды. Осыған байланысты қарашада экономикалық белсенділіктің қысқаруы күтіледі.

«Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі ағымдағы жылғы қазанда өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтер саласындағы өсу есебінен 47,6 тармақтан 48,8 тармаққа дейін көтерілді. Құрылыста көрсеткіш 47,6 тармаққа дейін 1,5 тармаққа қысқарды», — деді Ұлттық банк төрағасы 

Биыл қазан айында жылдық инфляция 7,1%-ға дейін өсті, бір ай бұрын 7% болды. Азық-түлік тауарларының бағасының жылдық өсуі азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,5%-дан 5,6%-ға дейін және ақылы қызметтерге бағаның 3,6%-дан 3,7%-ға дейін өсуі кезінде 10,8%-дан 10,7%-ға дейін аздап баяулады.

Инфляцияның шамалы жеделдеуі қысқа мерзімде пайдаланылатын тауарлардың қымбаттауы және коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін қалпына келтіру аясында байқалады.

Сыртқы және ішкі нарықтардағы жоғарғы белгісіздік аясында ағымдағы жылғы 26 қазанда базалық ставка +/-1,5 п.т. пайыздық дәлізімен 9% деңгейінде сақталды.

Сыртқы сектордағы белгісіздік пен құбылмалылықтың өсуі тәуекелді активтер мен дамушы елдердің валюталарына қысым көрсетті. 

1. Қайтадан карантин шараларын енгізу ықтималдығының өсуі нәтижесінде қазанның соңына қарай мұнай бір баррелі үшін $37,5 дейін едәуір төмендеді, бұл мұнайға сұраныстың әлсіреуін білдіреді. Бір айда төмендеу 8,5% болды.

 Биыл 30 қараша–1 желтоқсанда өтетін ОПЕК+ отырысының қарсаңында ағымдағы айдың басынан бері мұнай бағасы біртіндеп өсе бастады, отырыста шектеулерді ұзарту не қосымша қысқартулар мүмкіндігін қарастыру күтіледі. Pfizer және BioNTech компанияларынан вакцинаның сәтті сынақтан өткізілгені туралы оң жаңалықтың аясында мұнай бағасы бір күнде 7,5%-ға ұлғайып бір баррелі үшін $42,4 дейін өсті.

2. Әлемдік экономиканың дағдарыстың жаңа кезеңіне кіруі және сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздік АҚШ доллары индексінің өсуіне алып келді, бұл дамушы елдердің алтын және валютасының құнына әсер етті.

Ағымдағы жылғы 9 қарашада АҚШ доллары индексінің төмендеуі және АҚШ-тағы президенттік сайлау жағдайының анықталуы аясында алтын бір унциясы үшін 0,8%-ға $1863 дейін арзандады.

Е. Досаев атап өткендей, биыл қазанда дамушы елдердің валюталары АҚШ пен бірқатар Еуропа елдерінде коронавирустың қайталану тәуекелін іске асыру аясында әлсіреуді жалғастырды. Мысалы, түрік лирасы бір айда
8%-ға, Ресей рублі - 2,2%-ға, Бразилия реалы - 2,3%-ға әлсіреді.

Ағымдағы жылғы 9 қарашада биржадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің айырбас бағамы ай басынан бері 0,3%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 431,17 теңгені құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2020 жылғы 3-тоқсанда сауда балансы Ұлттық банктің төлем балансының әдістемесі бойынша 1999 жылдан бері алғаш рет (-)1,0 млрд АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасты. 

Нәтижесінде 2020 жылғы 9 айда сауда балансының профициті $9,1 млрд дейін 35%-ға төмендеді. Тауарлар экспорты 18,4%-ға қысқарды, бұл мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты болды. 

Тауарлар импорты инвестициялық тауарларды 12,6%-ға және аралық тауарларды 12,6%-ға әкелуді қысқарту нәтижесінде 10,4%-ға қысқарды.

Алдын ала деректер бойынша қазанда Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері көбінесе мемлекеттік борышты төлеу және интервенция жүргізу есебінен $200 млн-ға - $33,6 млрд дейін төмендеді. 

Қазандағы теріс түзетулерге қарамастан, 2020 жылдың басынан бері инвестициялық кіріс шамамен  $950 млн құрады.

Ағымдағы жылғы қазанның соңында Қазақстанның халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша бір айда 1,3%-ға азайып, $89,9 млрд құрады.

Банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 3,3%-ға ұлғайып, ағымдағы жылғы қыркүйектің соңында 21,4 трлн теңге болды. 

Теңгедегі салымдар қыркүйекте 12,6 трлн теңгеге дейін 2,2%-ға, валюталық салымдар 5,1%-ға өсті. 

Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылғы қыркүйекте 40,9% деңгейінде қалыптасты.

Бизнестің кредиттік портфелі қыркүйекте 7,3 трлн теңгеге дейін 0,2%-ға ұлғайды. Бизнеске теңгемен кредиттер бойынша ставка ағымдағы жылғы қыркүйекте 12,1%, оның ішінде ағымдағы жылғы қыркүйекте қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11,8%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша – 13,3% болды.

Қыркүйекте халықтың кредиттері 7 трлн теңгеге дейін 2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,2 трлн теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,1 трлн теңгеге дейін 3,6%-ға ұлғайды.

Қазақстан экономикасын қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.

1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 872,7 млрд теңгеге 1 277 өтінім қабылданды, оның ішінде банктер жалпы сомасы 447,6 млрд теңгеге 487 өтінімді мақұлдады, 427,9 млрд теңге сомасына 691 қарыз берілді.

2. Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 6 қарашадға дейін кәсіпкерлер 567,3 млрд теңге сомасына 2 291 өтінім берді, 444,8 млрд теңгеге 4 292 өтінім, оның ішінде 91 млрд теңге бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.

Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.

1. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы  5 қарашада 295,3 млрд теңгеге 25 186 өтінім мақұлданды, оның ішінде 232,1 млрд теңге сомасына 19 891 қарыз берілді.

2. «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша ағымдағы жылғы 5 қарашада 404,5 млрд теңге сомасына 45 866 өтінім мақұлданды, 320,6 млрд теңгеге 37 176 қарыз берілді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 12:05
ВАК-та «Дельта» штаммына тән COVID-19 мутациясы анықталғаннан кейінгі қазіргі эпидемиологиялық жағдай талқыланды
02 Шілде 2021, 08:30
А. Мамин ҮАААЖ құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.