Астана бизнесмендері жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы ККО құрамына енеді - РКП

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласы әкімдігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында елорда кәсіпкерлері жергілікті мемлекеттік органдар жанында консультациялық-кеңестік орган құрамына кіреді, деп хабарлады елорда Кәсіпкерлер палатасында. 

«Жергілікті мемлекеттік органдар жанында консультациялық-кеңестік орган құру жоспарланған. Оның құрамы РКП ұсынысымен қалыптастырылады, оған бизнес өкілдерінің 50 пайызыынан кем емесі енуі тиіс», - делінген хабарламада. 

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласының әкімдігі кәсіпкерлікті қолдау бойынша меморандумға қол қойды. Рәсімге қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов қатысты.

ҰКП хабарлағандай, меморандумға сәйкес, тараптар билік пен бизнес арасында тиімді қызмет ететін диалог алаңын құруға мүдделі. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің өзекті проблемалары мен отандық бизнес бәсекелестігінің шешуші жүйесін құруға бағытталған.

«Сондай-ақ, консультативтік-кеңес органын құру жоспарланған. Оның құрамы ӨКП ұсынысы арқылы жиналатын болады. Оған 50 % бизнеске қатысты өкілідер тартылады. Консультативтік-кеңес органының отырысы айына 1 рет ұйымдастырылып отырады. Күн тәртібі бизнес-қауымдастықтың ұысынысы бойынша ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

Меморандумға сәйкес, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері жер қатынастары бойынша комиссия, мемлекеттік сатып алу комиссиясы, мониторинг пен сараптама жүргізу жұмыстарына қатыса алады. 

ККО басымдығы – кәсіпкерлік сұрақтарын шешу және қарастыру, әкімшілік кедергілерді жою, өңірлік институттардың жұмысын қамтамасыз ету, қазақстандық қамтуды көтеру, монополияға қарсы заңнама мен тарифтердің құрылу проблемаларын шешу.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу