Бизнестің жұмысына бөгет жасамауымыз керек — Ә. Смайылов 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағаны туралы баяндады. Өңірлерде коронавирус инфекциясы әлі де өршіп тұр. «Сары» аймақта орналасқан Түркістан облысынан басқа барлық өңірлер «қызыл» аймақта.

Вирустың ең көп таралуы Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және елордада тіркеліп отыр.

Премьер-Министр елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының алға қойған міндетіне сәйкес, карантиндік шектеулерді бизнес үшін жеңілдете отырып, қайта қарау тапсырылды.

«Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек», — деді Ә. Смайылов.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау және ревакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу